«Ынтымақ» АҚ

«Ынтымақ» АҚ компаниясы – 2001 жылы құрылған және ғимараттар мен құрылыстарды, соның ішінде тұрғын үй құрылысы, әкімшілік ғимараттарды салу, қонақ үйлер, сауда-көңіл көтеру және спорттық кешендер, емхана және аурухана, жалпы білім беретін мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, инфрақұрылымдық және өндірістік құрылыс, жол-құрылысы және т.б. салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының толық кешенін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, «Ынтымақ» АҚ жоғары вольтты электрлік қосалқы станциялар, кабельдік және әуе электр беру желілері, оптикалық байланыс желілері, радио және релелік байланыс жүйелері және т.б. өнеркәсіптік нысандарды салуға маманданған.

«Ынтымақ» АҚ 1-ші санатты құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік лицензияға және 2-ші санатты жобалық қызметке лицензиясына ие. Компания менеджмент және сапа саласында, құрылыс-монтаждау және жобалау жұмыстарына қатысты қоршаған орта менеджменті саласында сертификатталған. «Ынтымақ» АҚ өзінің көліктік қуатына ие. Біздің компанияда жұмыс тәжірибесі мол жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. «Ынтымақ» АҚ Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан құрылыс ұйымы. Біздің қызметіміз уақыт пен сынақтан өткен құндылықтарға негізделген. Біз тек озық тәжірибені пайдаланамыз, жоғары эстетикалық стандарттарға сүйенеміз, біз құрылыста үздік сапаны ұстанамыз.

img-1

МИССИЯ:

Біз бір-біріне табысқа жетуге көмектесетін қолайлы және сенімді серіктес болуға ұмтыламыз.
img-2

«Ынтымақ» АҚ компаниясымен ынтымақтастықтың артықшылықтары

Жобалау және күрделі құрылыс, инженерлік коммуникациялар үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету, АТ-инфрақұрылым кешенін енгізу, барлық қажетті жабдықтар мен жүйелерді пайдалану үшін барлық мамандандырылған талаптарды бірден ескере отырып жүзеге асырылады.

Бір мердігердің толық жауапкершілігі, бас мердігер мен қосалқы мердігерлік компаниялар жиынтығы сияқты классикалық схема орнына, объектінің тапсырылуының қорытынды құнын төмендетеді.

Жобалық топты бір жерден басқару, мамандардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттырады, жұмыс сапасын үздіксіз бақылауды, жобаның барлық кезеңдерінде процесстердің үздіксіздігін, ашықтығын және басқарылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инфрақұрылымды жан-жақты бағалауды ескере отырып, түрлі салаларда мамандандырылған тәжірибеге сүйеніп, қолданыстағы объектілердің кез-келген ауқымын дамыту және жаңғыртудың жекелеген интеграциялық мәселелерін шешу мүмкіндіктері.

Лицензиялар және Сертификаттар