Бас мердігер функциясын орындау
Техникалық мердігердің функциясын орындау кезінде «ЫНТЫМАҚ» АҚ келесі негізгі міндеттерді шешуді өзіне алады:

- Жобаның техникалық, экономикалық және қаржылық сараптамасы;
- Құрылысқа қажетті рұқсат құжаттамасын дайындау;
- Кұрылыс алаңын дайындау;
- Конкурстық негізде қосалқы мердігерлерді іріктеу және қосалқы мердігерлік шарт жасасу;
- Құрылысты қажетті материалдармен және жабдықпен, құрылыс конструкциялары мен арнайы құрылыс техникасымен қамтамасыз ету;
- Құрылыс жұмыстарының кейбір түрлерін өз күшімен орындау;
- Сапаны бақылау және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу технологиясын ұстану;
- Жобалық құжаттаманың талаптарын орындауды бақылау;
- Мемлекеттік қадағалау қызметтерінің талаптарын сақтауды бақылау;
- Құрылыстың жүргізілуіне, шартта көрсетілген нормаларға жұмыстың құны мен сапасының сәйкестігін техникалық қадағалау;
- Жұмыстың кез келген сатысында Тапсырыс берушіге құрылыс барысы туралы ақпарат беру;
- Құрылыс кестесіне сәйкес мерзімдерді сақтауды бақылау;
- Объектіде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету;
- Қосалқы мердігерлердің жұмыс нәтижелерін аралық қабылдау;
- Аяқталған нысанды Тапсырыс берушіге тапсыру.